Қайырлы күн, достар!
Азам ОБИДОВтың жан ауыртар мына бір дүниесін аударып салдым. Шет жақта тіршілік қамымен жүрген азаматтарымыз аман-есен елге қайтсын…
Азам ОБИДОВтың жан ауыртар мына бір дүниесін аударып салдым. Шет жақта тіршілік қамымен жүрген азаматтарымыз аман-есен елге қайтсын…
ОРАЛУ
Тіріңде қадіріңді білмеген елде, өлігіңнің де құрметі жоқ екен-ау… «Сорың құрғыр» дейін десем, енді құритын сорым да қалмаған байғұспын…
… Сәл ғана ынсапты болса болмай ма? Оң-солыма қарамай, қоқыр-соқырдың арасына сығып тыққандарына ішім ашыды. Орап-матаған шүберегінен жүрегім айныды. Әлде екі күнде өзімнен жағымсыз иіс шыға бастады ма, аңғара алар емеспін.
Серігім мына жүргізушіні әрең көндірді. Қайсысының алдына бармасын мүрде алып кете алмайтынын айтып, азар да безер болады. Ақыры, мен секілді бір өлікті елге алып қайтқан тәжірибесі бар біреуінің ынсабы бар екен, келісті. Жылай-жылай көзі іскен, әлі де еңіреп жіберуге азаматтық ары жібермей, кермек жасын ішке жұтып әрең жүрген серігіме жаны ашыды ма, білмеймін, ылажсыз «жарайды, бірақ, ақысын көбірек төлейсің» деп келісімін берді. Болмаса өзімнің бұл өлкелерде әуре-сарсаң болғаным жетпегендей, өлігім де іріп-шіріп, көмусіз қалар ма еді, кім білсін?..
Елге апаратын автобустың жүксалғышында, қоқыр-қоқсықтың арасында жатып өткен өмірімді есіме алдым. Жастық шағымда қандай бақытты едім. Алғашқы үйленген жылдарым… Мақтадан кеш қайтатын жан-жарымның орамалын иіскеп, күтетін сәттерім… Кәрі ата-анамыздың хәлін білуге баратын кездер… Одан қалса, диқаншылыққа жайлы деп шеткі қыстаққа көшіп барғаным. Суы тастай, көк балдыры көрініп тұратын арықтың кеңдеу тұсында әйелімнің қаладан демалысқа келген кішкентай ғана жиенімен жайнап-қунап шомылатын тамыздың тәтті күндері…
… Автобус зулап келеді. Кей-кейде жүксалғыштың ауыр есіктері ашылып, шекарашылардың қолындағы шам ары-бері жылмыңдайды. Көліктің үздіксіз дірілінен жүзім сәл ашылып қалыпты. Қасымда тұрған банан қорабы да қимылдайтындай. Қораптың үстінде үлкен дорба. Ішіндегісін аңдап болмағанымен, салмағының ауыр екенін сезіп келемін. Көліктің дірілінен бе немесе әлдекім итерді ме, осы сәт ауыр дорба ары ысырылғандай болды. Қораптан біреудің бас көтергенін байқадым.
Бұл жүксалғышта басыңды бүгіп, еңкейіп, бүрісіп отыру ғана мүмкін. Немесе мен секілді өліктерді алып кетуге ғана ыңғайлы. Қазір ғана бас көтеріп, тіршілік білдірген жанның шамасы он екі-он үштердегі бала екенін байқап қалдым.
Бұл өлкелерге жұмыс істеу үшін келіп, бірі-екі болмай, тіпті, тапқаны жолкіресіне жетпей, «жүк» болуға мәжбүр болған сияқты бұл балақай. Оның суықтан дір-дір етіп тұрған еріндерін анық көріп тұрмын. Әлде, қорыққаннан ба? Бала да пысық екен, жүксалғыш ашылғанда қасындағы шұбатылған шүберектерге лезде оранып ала қояды.
Жарық тағы бір жарқ еткен сәтте бала мені байқап қалды. Қасында біреудің бар екенін білген соң көңілі орнына түскендей, жүзіне жайбарақаттықтың табы жайылды.
Ол маған жақындап келіп жүзімнен сипады, мұртымнан тартқылап көрді. Өлген адамның мұрты да қақиып қатып қалады екен-ау… Денем болса да тастай!
Ол маған жақындап келіп жүзімнен сипады, мұртымнан тартқылап көрді. Өлген адамның мұрты да қақиып қатып қалады екен-ау… Денем болса да тастай!
Өліп қалғанымды сезіп, бүкіл денесі сескеніп кетті. «Вой-дод!» деп бақырды. Бір жақсысы, көліктің ызғыған даусымен оны ешкім де естімейді. Бәлкім, көлік салонында отқан әлдебір мастың, не суық темірдің ішінде тоңып-қалшылдап отқан біреудің құлағына жеткен шығар. Бірақ, оларда біреуді тыңдар шама бар ма?
Мендей сұлап жатқан мүрдемен қатар келе жатып, екі бүктеліп келе жатса да өзінің тірі екеніне мың-мың шүкіршілік айтқан болар бұл бала. Енді жетер жеріне жеткенше шыдауға тура келеді. Жол жүргенімізге бүгін үшінші күн. Туған Отанға аяқ тіреуге аз-ақ қалды. Екеумізге де енді тек шыдау керек.

Бала болса қалтасына қатқан «буханканы» толтырып алған секілді, кей-кейде қытырлатып күйсейтінін естимін.
Ойым тағы он саққа бөлінеді. Қыздарым! Түнгі кезекшілікте қара терге батып арзымас ақшаға еңбек етіп жүрген қыздарым менің! Әкелерің жұмыс істеуге, қойнын бір қап пұлға толтырып келуге уәде беріп кетіп еді. Енді қандай хәлде күтіп алады екенсіңдер мені, қаракөздерім?! Ұлым болғанда бәлкім мұндай күндерді көрмес пе едім? Өлігімді де өзге біреу көтеретін болды-ау…
Автобус тоқтады. Радиодан таныс та ыстық дауыстар естілді.
«Жәннаттан хабар! Елімізде көптеген жұмыс орындары ашылуда. Жас пен кәрі мемлекетіміз басшысының әділ де сарабдал саясатына өз ризашылықтарын білдіруде…»
Жаңалықтардың соңы ән-күйге ұласып кетті:
– Яллома ерим ялло-ла, яллолашайлик ялло-ла…
Мені енді іштей жылап жолдастарым шеткі қыстағыма алып барады. Жан жарым Самирам, жесір қалған Самирам күтіп алады. Көздеріңнің жасынан сенің, Самирам! Сені қалай сағынғанымды білсең ғой. Сенің жас толған жанарыңнан, қырғыштай қатқан қолдарыңнан сүйіп-сүйіп алғым келеді, сезесің бе соны? Тек еріндерім қимылдамайды. Денем де қатып қалған.

Қардың жауып тұрғаны қандай жақсы болды. Күн суық. Бірақ, қыстақта әлі табиғи газ жоқ шығар. Отта қайнаған суға жуындырар мені. Мейлі, ошақта қайнаған су керемет қой, иә? Ыстық суға жуынып алайын, аппақ бөзге оранып алайын…
Сосын… Сосын әппақ ұлпа ойнақтап кеп кебініме қонады, аспанның көз жасындай жылап-жылап барқыт жабуыма қонады. Мен болсам түк те тоңбаймын. Еріндерім де енді көгеріп кетпейді. Өзге елде жүрген кезімдегідей туған өлкемнің ыстық құшағын да аңсамаймын. Енді ешқашан ел кезіп боспаймын. Туған топырақта мәңгі дамылдаймын. Мәңгі…
Енді қияметте көрісерміз…
Енді қияметте көрісерміз…
Аударған Бақтыгүл АУДАНОВА